Емхананың қызметі

Қазіргі таңда Темір орталық аудандық ауруханасы төмендегідей медициналық және дәрігерлік қызмет көрсетеді:

Балалар мен ересектерге жалпы тәжірибедегі, педиатрия, терапия, алғашқы медициналық санитарлық көмек.

Балаларға кеңес беру диагностикалық медициналық көмек, невропатология, фтизиатрия, жұқпалы аурулар, педиатрия, жалпы тәжірибедегі мамандықтар бойынша.

Ересек тұрғындарға кеңес беру диагностикалық көмек, акушерство гинекология, дерматовенерология, наркология, невропатология онкология, отолорингология, офтальмология, жалпы хирургия, эндокринология, жұқпалы аурулар, психиатрия. Стоматология мамандықтары бойынша.

Ауруханалық медициналық көмек ересек тұрғындарға; акушерство гинекология, жалпы терапия, кардиология, жалпы хирургия, физиотерапия, жұқпалы аурулар мамандары бойынша.

Ауруханалық медициналық көмек балаларға: педиатрия, неонатология, физиотерапия, жұқпалы аурулар мамандары бойынша.

Алғашқы медициналық санитарлық  көмек: диагностика, рентген, ультрадыбыстық, функционалдық, лабораториялық.

Эксперттік медициналық қызмет – өндірістік патология, уақытша еңбекке жарамсыздық сараптама, наркологиялық сараптама.