Алғада ет өңдеу кешені ашылды.

15.12.2015

      11 желтоқсан күні Алға қаласында неміс технологиясы бойынша салынған ет өнімдерін қайта өңдейтін ет өңдеу кешені ашылды.

      Кешенді Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев телекөпір  арқылы іске қосты.   

      Кешеннің ашылу салтанатына республикалық ауыл шаруашылық министрінің орынбасары Г.Исенова, облыс әкімі Б.Сапарбаев, аудан әкімі М.Абдуллин, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы мен мүшелері, кәсіпкерлер мен тұрғындар  қатысты.

      Ақтөбе облысы бойынша индустриаландыру картасына 92 инвестициялық жоба енгізілді. Соның бірі  Алға қаласында ашылған ет өңдеу кешені, бұл кешенде  80-нен астам жұмыс орны ашылып, аудан тұрғындары жұмыс жасауда.