Бақытты отбасы-бақытты ел.

07.12.2015

3 желтоқсан  2015 жылы  күні «Бақытты отбасы-бақытты ел» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге аудандық білім бөлімінің, ішкі істер бөлімінің, жастар ресурстық орталығының мамандары, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, индустриалды-техникалық колледж студенттері, аурухана дәрігерлері қатысты.

      Әрбір дөңгелек үстелге қатысушы отбасы-кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен, немесе қаны бір туыстығымен , тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Ер мен әйел- отбасының екі іргетасы, бұл іргетас үйленумен құрылады. Отбасында адамдар ұрпақ жалғастырады. Отбасының ең маңызды қызметінің бірі- тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі - баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңіру жөнінде өз ойларын ортаға салып, бейнеайналма арқылы көрсетілді.

        Соңынан әрбір қатысушы сауалнама арқылы өз тілектерін, ұсыныстарын білдіріп, қорытындылады.