ОАФ Орталық аудан ауруханасының соңғы фонды

Бүгінгі күні тұрғындарға емдеу-профилактикалық  көмек 64 керуеттік Темір орталық аудандық ауруханасымен, 15 керуеттік Кенкияк селолық ауруханасы, 5 дәрігерлік амбулатория, 16 медициналық пункт, 2 фельдшерлік-акушерлік пункті, 6 дәріхана, санитарлық эпидемиологиялық станциясымен көрсетіледі. Жылдан жылға емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығайып келеді. Соңғы 5 – 6 жылда Кенкияк селолық ауруханасы, Шұбарши, Темір, Қопа дәрігерлік амбулаторияларының ғимараттары газдалған. Медициналық пунктілерден Құмсай және Қалмаққырған медициналық пункті газдалған. Ауданда 60 дәрігермен 206 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс істейді, оның ішінде 43 маман әр түрлі дәрежедегі мамандар. Ауданының екі ауруханаларында терапиялық, хиругиялық, педиатриялық, гинекологиялық, босану бөлімдері жұмыс істейді. Бөлімшелер керекті мамандармен, медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жыл сайын ауруханада 2,5-3 мың тұрғындарға ем жүргізіледі.