Аурухана әкімшілігі

Бас дәрігер

Демегенов Есентемир Елеусинович

Білімі жоғары медициналық,  1998 жылы  Ақтөбе мемлекеттік медициналық  академиясын «Терапия» мамандығы бойынша бітірген. Интернатура мамандығы -  «Терапия». «Қоғамдық денсаулық сақтау / Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру», «Терапия», «Офтальмология», «Профпатология» мамандықтары бойынша қайта даярлаудан өткен.

1999 – 2015 жылдары Байғанин аудандық орталық ауруханасының офтальмологі, 2002 – 2013 жылдары    Байғанин аудандық орталық ауруханасының учаскелік терапевті,   2002 – 2013 жылдары   Байғанин аудандық орталық ауруханасының терапия қызметінің меңгерушісі, 2002 – 2015 жылдары   Байғанин аудандық әскери – медициналық комиссиясының төрағасы, 2010 – 2015 жылдары Байғанин аудандық орталық ауруханасының профпатологы, 2011 – 2015 жылдары  Байғанин аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 2015 – 2016 жылдары «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ ШЖҚ «Ақтөбе облыстық ауруханасы» МКК медициналық статистика кабинетінің меңгерушісі қызметін  атқарған.   2016 жылдың  22 тамызынан бастап ШЖҚ «Темір аудандық орталық ауруханасы» МКК бас дәрігері қызметін атқарады.

ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі /2008 жыл/. ҚР денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының үздігі/2008 жыл/.

Самбо күресінен шеберлер арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері/Африка құрлығы, Марокко корольдігі, Касабланка қаласы, 2012 жыл, ІІІ орын/, Самбо күресінен шеберлер арасындағы Әлем чемпионатының қатысушысы/Болгария Республикасы, Бургас қаласы, 2013 жыл/. Спорт және денешынықтыру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР денсаулық сақтау министрінің, Ақтөбе облысы әкімі мен облыстық спорт және туризм басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталған.

 

 

 

Темір орталық аудандық ауруханасының бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары

Амангелдиев Амантай Амангелдіұлы 2001 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын бітірген. 15.07. 2002 жылдан бастап Алытқарасу дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері болып кызмет еткен. 02.02.2009 жылдан бастап Темір орталық аудандық ауруханасының бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары болып істейді. Облыс  әкімінің және облыс денсаулық басқармасының граммоталарымен марапатталған. Медицина қызметкерлері күніне «Пирогов» медалімен марапатталған

 

Темір орталық аудандық ауруханасының бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары

Қоянбаев Мұхтар Елеусізұлы 1991 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын бітірген. 01.08.1992 жылдан бастап Темір орталық аудандық ауруханасына  дәрігер хирург болып қабылданды. 25.08.1993 жылдан бастап хирургия бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. 03.01.2007 жылдан бастап Темір аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары қызметінде. Темір ауданының әкімінің грамотасымен марапатталған. Медицина қызметкерлері күніне орай, «Пирогов» медалімен марапатталған.

 

Бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстары бойынша орынбасары.

Мукашева Шолпан Текебаевна 1995 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтың бітірген.

19.11.1995 – 10.10.2016 жылдары Темір орталық аудандық ауруханасының дәрігер офтальмолог болып жұмыс жасаған.

10.10.2016 жылдан бастап Темір орталық аудандық ауруханасының  ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстары бойынша орынбасары болып тағайындалған.

Бірнеше рет облыстық денсаулық сақтау басқармасымен Темір ауданы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған

 

 

Емхана меңгерушісі

Балғазина Каным Закановна 1983 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын бітірген.

01.08.1983 – 01.01.2009 жылдар аралығында Темір аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында дәрігер-эпимемиолог болып жұмыс жасады.

01.01.2009 – 01.08.2015 жылдар аралығында Темір орталық аудандық ауруханасында дәрігер эпидемиолог болып жұмыс атқарды.

01.08.2015 жылдан бастап  Темір орталық аудандық ауруханасының емхана меңгерушісі болып жұмыс жасайды.

Денсаулық сақтау саласының үздігі.

Бірнеше рет облыстық денсаулық сақтау басқармасымен Темір ауданы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған.

 

 

Кадр бөлімінің инспекторы.

Тукашева Эльвира Тлеубаевна 2003 жылы құжаттану мамандығы бойынша Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік институтын бітірген.

2003-2007 жылдар аралығында М. Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында методист болып жұмыс жасады.

2012 жылдан бастап Темір орталық аудандықұ ауруханасының кадр бөлімінің инспекторы болып жұмыс атқарады.

2016 жылы Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының алғыс хатымен марапатталған.

 

 

 

Бас есепші:

Бисенгалиева Салима Карагулқызы 1980 жылы ҚССР Ауыл шаруашылық министрлігінің Темір совхоз техникумын бітірген. Еңбек жолын ДОСААФ Темір спорт-техникалық клубының аға есепшісі болып бастаған. 1993 жылы Темір аудандық орталық ауруханасының материалдық есепшісі болып жұмыс істеген. 2005 «есепші» мамандығы бойынша Т. Рысқұловтың атындағы Қазақ экономикалық университетің бітірген. 2011 жылдан бастап Темір аудандық орталық ауруханасының бас есепшісі лауазымынды қызмет етеді. «Есепші» мамандығы бойынша бірінші квалификациялық категория сертификаты бар

 

Бас медбике

Куанова Галина Бектайқызы 1986 жылы медбике мамандығы бойынша Свердловск қаласындағы медициналық училищесін бітірген. 05.06.1985 - 04.07.1986 Свердловск станциясының жол ауруханасының тазалықшысы болып істеген. 04.07.1986 жылдан бастап, сол аурухананың медбикесі болып жұмыс істеген. 1988 жылда Темір аудандық ауруханасының медбикесі болып қызмет еткен., ал 2009 жылдың  2 ақпан айынан бастап Темір аудандық орталық ауруханасының бас медбикесі болып жұмыс істейді.