Аурухана жайлы

Барлық уақыттарда медициналық қызметкерлері ең құрметті адамдар ең құрметті адамдар болып есептелген. Бұл таңғанарлық жайт емес, себебі аурудан айғудан артық еш нәрсе жоқ. Жіберілген қателер жоғалтқан ақша мен дүниенің сапасы мен адамның өмірі өлшенбейді. Қазіргі заманда медицина арқасында көптеген адамдар қатерлі аурулардан айығуда. Темір аймағында денсаулық  сақтаудың басы 1870 жылдар болып есептеледі. Сол кезде 2 керуеттік аурухана мен дәріхана ашылған, онда 1 фельдшер, 1 акушер болған. Олар Орынбор облысы және Соль- Илецк аймақтарына дейін медициналық қызмет көрсеткен. Медицина дамуының жаңа кезеңі 1917 жылдан басталған. Революциядан кейінгі кезден бастап Темір қаласында көп салалы емдеу – профилактикалық мекемелер жұмыс жасаған, оның ішінде малярия бекеті, тер-венерологиялық және туберкулезге қарсы диспансерлер. Бұл медициналық мекемелер 1960 жылға дейін тұрғындарға мамандандырылған медициналық қызмет көрсеткен. Бұл мекемелердің бірінде, атап айтқанда, туберкулезге қарсы диспансерінде өз еңбек жолын, Совет үкіметіне белгілі, 20 жыл Ақтөбе мемлекеттік медициналық  иститутының ректоры болған, профессор Смагұлов Ажмаги Смагұлұлы , академик, ҚР медициналық академиясының корреспондент мүшесі,Токио сыйлығының лауреаты Балмуханов Сайын Балмуханұлы. 1972 жылы Темір ауданы құрылуына байланысты барлық емдеу мекемелері Темір ауданының орталығы Шұбарқұдық кентінде орналастырылған. Темір орталық аудандық ауруханасы 50 керует орнымен қамтылған және санитарлық эпидемиологиялық станциясы ашылған. Алғашқы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Уразгулов Сақыпкали Қаражақұлы. Кейін Шериязданов Турар Шериязданов (1984 жылға дейін), Сейталин Мақсат Сағынұлы (1995 жылға дейін), ал 1995 жылдан бастап бас дәрігер болып тәжірибели маман, денсаулық сақтаудың үздігі, медицина қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының үздігі Балбосынов Ерсайын Балбосынұлы тағайындалған.

Жалпы мәлімет.

Бүгінгі күні тұрғындарға емдеу-профилактикалық  көмек 64 керуеттік Темір орталық аудандық ауруханасымен, 15 керуеттік Кенкияк селолық ауруханасы, 5 дәрігерлік амбулатория, 16 медициналық пункт, 2 фельдшерлік-акушерлік пункті, 6 дәріхана, санитарлық эпидемиологиялық станциясымен көрсетіледі. Жылдан жылға емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығайып келеді. Соңғы 5 – 6 жылда Кенкияк селолық ауруханасы, Шұбарши, Темір, Қопа дәрігерлік амбулаторияларының ғимараттары газдалған. Медициналық пунктілерден Құмсай және Қалмаққырған медициналық пункті газдалған. Ауданда 60 дәрігермен 206 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс істейді, оның ішінде 43 маман әр түрлі дәрежедегі мамандар. Ауданының екі ауруханаларында терапиялық, хиругиялық, педиатриялық, гинекологиялық, босану бөлімдері жұмыс істейді. Бөлімшелер керекті мамандармен, медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жыл сайын ауруханада 2,5-3 мың тұрғындарға ем жүргізіледі.